Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Шоу-бизнес бүгін, 26.11.2025 16:42 Обновлять, 01.12.2025 10:30

«Адвокаттарым жұмыс істеп жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы алғаш рет мәлімдеме жасады

Тұрсынбек Қабатовтың екінші жұбайы әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған ақпараттарға түсінік берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Адвокаттарым жұмыс істеп жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы алғаш рет мәлімдеме жасады
Коллаж: Paryz.kz

Ол желідегі өзінің атынан тараған түрлі жазбаларға сенбеуді сұрап, TikTok қолданбайтынын атап өтті.

"TikTok деген әлемде мен отырмаймын, қолданбаймын. Менің атымнан жазылған неше түрлі өтірік сөздерге сенбеңіздер. Мақсаттары — әдейі намысқа тиетін сөздер жазып, елдің назарын аудару және комментарий жинау. Адвокаттар бұл мәселеге қатысты жұмысты аяқтап қалды. Көзі ашық, көкірегі ояу 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жандарым, жасанды интеллектіні ажырата алатын шығарсыздар? Не болса соған сене берудің қажеті жоқ", — деді ол.