Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Шоу-бизнес бүгін, 21.11.2025 11:45 Обновлять, 23.11.2025 23:43

Айдана Меденова жанкүйерлерін күтпеген жаңалықпен қуантты

Айдана Меденова жанкүйерлерін қуантты: ұзақ үзілістен кейін алғаш рет жанды дауыспен ән айтты деп хабарлайды paryz.kz.

Айдана Меденова жанкүйерлерін күтпеген жаңалықпен қуантты
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Айдана Меденова көптен бері күттірген жанкүйерлерін қуантты. Ол ұзақ уақыттан кейін алғаш рет жанды дауыспен ән орындап, өз тыңдармандарын сүйсіндірді.Instagram парақшасына жарияланған видеодан Айдананың «Менімен биле» әнін жандв дауыспен орындап тұрғанын көруге болады. Әнші жазба астында:

«Хаттарыңызды алып жатырмын» деп, жанкүйерлерінің жылы лебіздеріне ризашылығын білдірген. Пікірлер бөлімінде жұрт Айдананы қолдап, оның дауысын қатты сағынғандарын жарыса жазды: «Жанды дауысыңызды естімегелі көп болды, сағындық!»,«Нағыз талант! Дауыс керемет», – деп қолдау көрсетіп жатыр.

Айдананың жанды дауыстағы жаңа орындауы желіде тез тарап, желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды.