Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тұрсынбек Қабатовтың қызы әкесі туралы айтты

Әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым әкесі туралы ашық пікір білдірді, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрсынбек Қабатовтың қызы әкесі туралы айтты
фото: видеодан скриншот

Ол TikTok-та әкесімен бірге түскен суретін жариялап, шағын жазба қалдырды.

"Қандай болса да, әкемді қатты жақсы көремін. Бәрі қателеседі. Ол - өте керемет әке, әрқашан қолдау көрсетеді. Сені жақсы көремін, әкешім. Сенің жақсылықтарыңды ешқашан ұмытпаймын", – деп жазды Айым. 

Сондай-ақ, ол көпшілікті әкесі туралы әңгіме қылуды тоқтатуды сұрады.

"Менің әкем туралы жаман айтуды және түрлі видео жасауды доғарыңыздар. Бұл өмірде ешкім мінсіз емес", – деді ол. Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанова 2003 жылы шаңырақ көтерген. Ерлі-зайыптының бес баласы бар: үш қыз және екі ұл.