Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Денсаулығым сыр берді»: Тұрсынбек Қабатов көрерменге лық толы концертін не себепті өткізбегені белгілі болды

Белгілі әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты 26 қазанда Өскеменде өтетін концертін кейінге қалдырды, - деп хабарлайды paryz.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Денсаулығым сыр берді»: Тұрсынбек Қабатов көрерменге лық толы концертін не себепті өткізбегені белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

Кештің өтетін орны көрерменге лық толып, жұрт шамамен 40 минут бойы күткен. Алайда ұйымдастырушылар сахнаға шығып, концерттің бұл күні болмайтынын хабарлаған.

«Өскемен қаласының көрермендеріне үлкен рақмет! Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтам. Денсаулығыма байланысты концертті өткізу мүмкін болмады. 28 қазанда кездескенше!», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов өзінің Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары Қабатовтың сауығып, сахнаға тезірек оралуын тілеп, жылы пікірлер қалдырды.