Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Бетіміз ашылып кеткен»: «Келінжан 6»-ға «Қылышбектің» неге түспегені белгілі болды

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова “Келінжан” телехикаясының жаңа маусымында актер Рүстем Жаныамановтың жаңа маусымда не себепті болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бетіміз ашылып кеткен»: «Келінжан 6»-ға «Қылышбектің» неге түспегені белгілі болды
Коллаж: sn.kz

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.

”6 маусым мен көптен бері ойланып, келісім бермеген жағдай болған. Мен былтыр 5-ші маусымды өзім үшін жапқанмын. “Болды, осымен қояйық” деп. Өйткені, өте қиын болды. Сериалды жалғастыру емес, адами тұрғыдан. Адами фактор өте көбейіп кетті. Содан кейін тіпті бір-біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті. Өзімнің абыройымды да, беделімді де табанға сала бергім келмеді. Олармен келісу де, олармен келесі маусым да болуы да қиындап кетті. Қаражат жағынан да қиындап кетті”, — деді продюсер.