Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Өзгеріс керек...

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Paryz.kz ақпараттық агенттігінің қызметкерлеріде өз таңдауын жасап қайтты.

Өзгеріс керек...
Сурет: Paryz.kz

Бүгін өзіміз тіркелген Астана қаласындағы 322 учаскеге барып еліміздің түбегейлі өзгеруі үшін дасыс беріп қайттық.  

322 сайлау учаскесінің төрайымы Г.Абдраманованың есебінше, осы уақытқа дейін 300-ге жуық сайлаушылар дауыс берген. 

Бұл сайлау учаскесі де еліміздегі қалыптасқан "дәстүр" бойынша орта білім беретін мектепке орналасқан.

Соңғы 30 жылға тарта уақытта әділеттісінен әділетсіз сайлауы көбірек болған біздің қоғамымыздағы сайлау учаскелерінің балаларымыздың бойына ізгілік пен ғылымның дәнін егетін оқу ордасынан тыс жерде болғаны дұрыс еді...

Бір қолымен сайлаудағы "ұрлық-қарлыққа" араласып, екінші қолымен балаларымызға қалам ұстатып жүрген жандардың таза болғанын көпшілік қалайды.

Бұрынғы сайлауларға қарағанда өзгеше сайлауға қатыстық. Әйтсе де, бұқараның бұл сайлаудағы белсенділігі төмен екендігін баса айтқымыз келеді. Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алуы үшін өзіміздің де өзгеруіміз керек-ау?