Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

"Кедергі келтірген". Сайлауда заңсыздықты анықтаған байқаушы шеттетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимка қаласында №360 сайлау учаскесінде сайлау кезінде заңбұзушылықты анықтаған тәуелсіз бақылаушының жұмысы шектелді, - деп хабарлайды paryz.kz, massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

"Кедергі келтірген". Сайлауда заңсыздықты анықтаған байқаушы шеттетілді
Сурет: Massaget.kz

Сайлау комиссиясының пайымынша сайлауда сенімді өкіл болған Еркін Жұмаш сайлау процесінің өтуіне кедергі келтірген.

Алайда Еркін Жұмаш осыған дейін құпия дауыс беру орнында таза жатқан бюллетеньдерді тауып жариялаған. Бұдан кейін бақылаушы сайлау комиссиясының шешімімен байқаушы құқығынан айырылды. Сайлау комиссиясы бақылаушыны тіркеуден шығару туралы шешім шығарған.