«Қазгидромет» РМК бүгінге, 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райы болжанады. Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі. Ұлытау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын мен көктайғақ болжанады. Түркістан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Көптеген өңірде түнде және таңертең тұман түседі. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23-28 м/с, түнде 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында жел 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Сонымен қатар Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары.