Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақмола облысындағы шахтада қайғылы жағдай болды

Ақмола облысы, Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын іздеп жүрген адам қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақмола облысындағы шахтада қайғылы жағдай болды
Фото: dela.ru

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, шахтада тас құлап, заңсыз алтын іздеуші үйінді астында қалған.

«Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Күзетілетін нысанға заңсыз кіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп жазылған полиция департаментінің мәліметінде.