Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Происшествия бүгін, 17.07.2024 10:55 Обновлять, 18.07.2024 12:55

«Астана – Алматы-2» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Шилібастау станциясында №4 «Астана – Алматы-2» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz «Қазақстан темір жолы» компаниясына сілтеме жасап.

«Астана – Алматы-2» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Фото: sputniknews.kz

Компанияның мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Отар-Алматы учаскесінде туындаған техникалық себептерге байланысты №4 «Астана-Алматы-2» пойызының қозғалысы тоқтатылды.

Осы жағдайға байланысты, №4 «Астана-Алматы-2» пойызының жолаушылары басқа пойызға көшірілген.

Жолаушыларды стандартты вагондардан құралған №504/503 «Алматы-2-Отар-Алматы-2» бір реттік пойызы тасымалдайды. Осы пойыздың жолаушыларына багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес айырма төленеді, - делінген хабарламада.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша ақпаратты «1433» нөмірі арқылы алуға болады.