Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Происшествия бүгін, 17.07.2024 10:55 Обновлять, 18.07.2024 13:33

«Миы шайқалған»: Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды

Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Paryz.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.

«Миы шайқалған»: Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды
Фото: Baq.kz

4-шағынаудан тұрғындарының айтуынша, оқиға №4 үйде болған. Тұрғындар 30 маусымда түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалғанын айтқан.

«Ол соққыға жығылып, миы шайқалған, бетінің көп жері көгерген. Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі мәліметінше, жәбірленушіні дәрігерлер тексеріп, оған медициналық көмек көрсетіп, амбулаториялық емделуге жіберген», - деп жазылған мәліметте.

Бұл жағдайға қатысты полиция әзірге пікір білдірмеді.