Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado Volvo жүк көлігімен соқтығысып, жанып кетті.

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 16.45-те Самара-Шымкент жолы бойында Теректі ауданы аумағында болды.

«Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды.

Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» деп хабарлады ведомстводан.