Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Происшествия бүгін, 17.07.2024 09:20 Обновлять, 18.07.2024 10:29

Өскеменде құдық ішінен ер адамның денесі табылды

Өскемен қаласында құдық ішінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Өскеменде құдық ішінен ер адамның денесі табылды
Фото: inform. kz

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына белгісіз ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен.

«Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп жетті. Мәйіт Назарбаев даңғылы бойында «Адем» аялдамасы маңындағы коммуналдық құдықтардың бірінен табылған. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр. Әзірге оның нақты неден өлгені белгісіз. Сараптама жұмыстары тағайындалған», - делінген ақпаратта.

Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.