Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындады

Марат Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындады
Ақорда

"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын, 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған.

2000-2025 жылдары басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысы (2016-2020), Жамбыл облысы (2020-2022) және Алматы қаласы (2022-2025) бойынша ҰҚК департаменттерінің бастығы қызметін атқарған. 2025 жылдың қазан айынан бүгінге дейін ҰҚК төрағасының орынбасары болды.