Прямая трансляция

Астана

Астана

29.51°C

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның жаңа Премьер-министріне құттықтау жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның жаңа Премьер-министріне құттықтау жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тіледі.