Прямая трансляция

Астана

Астана

28°C

Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрімен кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары аясында Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті.

Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрімен кездесу өткізді
Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Таиландты Азиядағы басты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Президент екі елдің экономикалық ықпалдастығының келешегін жоғары бағалады. Биыл төрт айда тауар айналымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 76 пайызға ұлғайып, 110 миллион доллардан асқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аталған көрсеткішті әлі де арттыра түсуге болады. Әсіресе, сауда-саттық көлемін аграрлық өнімдерді жеткізу есебінен ұлғайтуға мол мүмкіндік бар.