Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев пен Чехия Премьер-министрі келіссөз жүргізді
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді.

«Екі ел арасында бұрыннан тығыз әрі достық қарым-қатынас орнаған. Сауда-саттық табысты дамуда. Қос халықтың бір біріне құрметі зор. Ірі халықаралық құрылымдар шеңберінде бірлесе әрекет етіп келеміз. Бұл – өте маңызды. Елшіліктеріміз белсенді жұмыс істеп тұр. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Өзіңізбен бірге чех кәсіпкерлерінен құралған үлкен делегация алып келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Кеше Астанада бизнес-форум өтті. Оның нәтижесі елдерімізге пайдалы болады деп ойлаймын. Өз тарапымнан сан қырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға бар күшімді саламын», – деді Президент.