Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесті
Ақорда

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Ұйыммен ықпалдастықтың жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгеніне тоқталып, сондай-ақ еліміздің жаһандық бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.