Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Жапония Премьер-министрін құттықтады

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды paryz.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев Жапония Премьер-министрін құттықтады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті.

Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің аса жауапты қызметіне табыс, ал жапон халқына құт-береке тіледі.