Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Иран президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев Иран президентіне жеделхат жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.