Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Ақордада Иран басшысын қарсы алды

Ақордада Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды paryz.kz.

Тоқаев Ақордада Иран басшысын қарсы алды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианды Ақордада қарсы алды. Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшысы мен Иран Ислам Республикасының Президентіне сәлемдік баянат берді.

Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады. Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Кейін екі ел көшбасшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті. Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Еске сала кетсек, 10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келетінін хабарлаған болатынбыз.