Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Саясат бүгін, 21.11.2025 12:17 Обновлять, 25.11.2025 21:40

Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Фото: Ақорда

Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.

Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.