Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады. Алайда әкімдіктің баспасөз қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Берденов ресми түрде өз қызметін атқарып отыр және қазіргі уақытта ем қабылдауда әрі еңбек демалысында.
Айта кетейік, кеше әкімдікте бірқатар кадрлық өзгерістер жарияланып, екі жаңа әкім орынбасары тағайындалды.
Руслан Берденов 2025 жылдың ақпан айынан бері Шымкент әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.