Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Назарбаевтың Мәскеуге не үшін барғаны белгілі болды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің 2025 жылғы 29 мамырдағы Мәскеуге сапары бейресми сипатта болды, деп мәлімдеді Айдос Үкібай.

Назарбаевтың Мәскеуге не үшін барғаны белгілі болды
© Sputnik / Евгений Биятов

«Оның Владимир Путинмен бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынасы бар», - делінген мәлімдемеде.

Үкібайдың айтуынша, Тұңғыш президент, бірқатар әлемдік көшбасшылармен — телефон арқылы сөйлесу, жеке хат алмасу және жеке кездесулер арқылы байланыста. 

Бұл тек Ресейге ғана емес, Түркияға, Қытайға, БАӘ-ге, Өзбекстанға, Беларуссияға және басқа мемлекеттерге де қатысты деді ол.

Тұңғыш президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараға шақыру алғанымен, бір себептермен бара алмаған. Сапарының да себебі осы болған. Тұңғыш президент Қазақстанда тұрақты тұрады және оның елден кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деді Үкібай