Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Саясат бүгін, 10.07.2024 08:00 Обновлять, 18.07.2024 13:04

Елена Рыбакина Wimbledon турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Wimbledon 2024 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Елена Рыбакина Wimbledon турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Рыбакина жартылай ширек финалда әлемнің 21-ракеткасы – украиналық Элина Свитолинамен кездесіп, басым түсті – 6:3; 6:2.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлем рейтингіде 32-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчиковамен кездеседі.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, астаналықтар жартылай финалды Тұран, 4/2 мекенжайында орналасқан Ұлттық теннис орталығында ашық аспан астында тамашалай алады. Жартылай финал 11 шілде сағат 18:45-те басталады.