Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Оңтүстік Корея президенті Астанаға келді

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль келді. 

 

Оңтүстік Корея президенті Астанаға келді
Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында Корея Республикасының Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.