Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

АҚШ Қазақстанды Ресейден алыстатпақ

"Мұндай саясат біз үшін күрделі сын-тегеурін болып табылады. Өйткені 2014 жылға дейін Еуропа картасында болған диспозиция өзгеруде", - дейді Алексей Пушков.

АҚШ Қазақстанды Ресейден алыстатпақ
фото: Газета.ру

АҚШ-та Вашингтон Беларусь, Өзбекстан, Армения және Қазақстан бойынша жұмысты жандандырады, деп хабарлады paryz.kz, "Вечерний Москва"-ға сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы Кеңесінің мүшесі, сенатор Алексей Пушковтың айтуынша, АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі посткеңестік республикаларды Ресейден алыстатуға бар күшін салмақ.

"Мұндай саясат біз үшін күрделі сын-тегеурін болып табылады. Өйткені 2014 жылға дейін Еуропа картасында болған диспозиция өзгеруде. Сондай-ақ, бұл Ресейге біздің одақтастарымыз болып табылатын елдерде өз ықпалын сақтау үшін сапалы жаңа міндеттер қояды", - деді Пушков, "Вечерний Москва"-ға берген сұқбатында.