Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Африкада арыстан аулаған Қайрат Закирьянов Алматыда тергеліп жатыр (ФОТО)

Фото көпшіліктің сынына ұшыраған соң Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру жүргізлетінін хабарлаған еді...

Африкада арыстан аулаған Қайрат Закирьянов Алматыда тергеліп жатыр (ФОТО)

Алматы қалалық Полиция департаменті Tengrinews.kz-тің ресми сауалына Туризм және спорт академиясы директорының ісі қандай сатыда екенін айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Даудың басы Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың Қызыл кітапқа енген барыс терісінің жанында түскен фотосынан басталды. Істің анық-қанығын Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.

"Алмалы аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабына "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалануға" сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаймыз. Алайда ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - делінген ресми хабарламада.

Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың барыс терісімен түскен фотосын ең бірінші спортшы Жанкош Тұраров Instagram-дағы парақшасында жариялады. Фото көпшіліктің сынына ұшыраған соң Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру жүргізлетінін хабарлаған еді.

Ал арыстанға қатысты даулы фотоға академия президенті "Африкада өзім ауладым" деп пікір білдірді.