Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Алматыда көшедегі көліктің үстіне қарағаш құлады

Алматыда көшеге ағаш құлады. Қала әкімдігі оқиғаны қолайсыз ауа райымен және топырақтың ылғалдануымен байланыстырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда көшедегі көліктің үстіне қарағаш құлады
Фото: әлеуметтік желіден

Құлаған ағаштың фотосы Telegram желісіндегі kris_p_almaty_official арнасында жарияланды. Жазбада бұл оқиға Алматы орталығындағы Мақатаев пен Панфилов көшелерінің қиылысында болғаны айтылған.

Алматы әкімдігінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, ағаш қолайсыз ауа райы салдарынан құлаған.

"Құлаған қарағаштың сыртынан зақымдану белгілері байқалмады (құрғаған бұтақтар, дің жарықтары, қуыстар, айқын шірік немесе бір жағына қарай иілу белгілері жоқ). Тексерістен ағаштың тамыр мойнынан сынғаны анықталды. Құлауға қолайсыз ауа райы жағдайлары, соның ішінде топырақтың ылғалдануы себеп болды, бұл тамыр жүйесінің әлсіреуіне әкеп соққан. Қазіргі уақытта мердігер ағаш кесу және алып тастау жұмыстарын аяқтады, жол тазартылды және көлік қозғалысы қалпына келтірілді", - деп хабарлады әкімдік.