Теңіз аумағындағы ГТЭС-4 нысанында екі бірдей өрт шықты. Ақпаратты "Теңізшевройл" ЖШС растады.
"Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) Теңізде электр генераторларында екі өрттің болғанын растайды. Өрттер жедел түрде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Компанияның мәліметінше ТШО-ның өндірістік қызметі тоқтатылмаған, қалыпты режимде жалғасып жатыр.
"Қызметкерлердің қауіпсіздігі ТШО үшін басты басымдық болып қала береді. Компания оқиғаның түпкі себептерін белгіленген тәртіпке сәйкес анықтап жатыр", - деп толықтырды компания.
Бұдан басқа, ТШО өз операциялық қызметінің жекелеген мәселелері бойынша пікір білдірмейтінін мәлімдеді.