Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Маңғыстауда өрт сөндіру көлігі тұрғын үйге соғылып, екі адам қаза тапты

Бүгін 18 қаңтарда Жаңаөзен қаласы Манат көшесінде шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соғысып, жол-көлік апаты болған. Салдарынан өрт сөндіру көлігі жеке тұрғын үйге соғылған, деп жазады paryz.kz.

Маңғыстауда өрт сөндіру көлігі тұрғын үйге соғылып, екі адам қаза тапты
Фото: видиодан скриншот

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік апатынан екі адам мерт болған.

"Жол апаты салдарынан 2 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алғандардың арасында үш өрт сөндіруші бар. Барлығы да ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.