Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бортында 166 жолаушы бар ұшақ Атырау әуежайында жолақ шегінен шығып кеткен

FlyArystan әуекомпаниясы Атырау әуежайында болған виациялық оқиға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды paryz.kz.

Бортында 166 жолаушы бар ұшақ Атырау әуежайында жолақ шегінен шығып кеткен
Фото: pixabay

"2026 жылғы 14 қаңтарда Атырау әуежайында FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі әуе кемесі Алматы – Атырау бағыты бойынша орындалған FS7202 рейсінің қонуын сәтті аяқтап, ұшу-қону жолағын босатқаннан кейін, тұраққа қарай қозғалу барысында төмен жылдамдықпен әуе кемелерінің жолағы шегінен шығып кеткен", - делінген хабарламада.

Әуе кемесінің бортында 166 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Олар зардап шекпеген. Әуекомпаниясы әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті мекемелермен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізу үшін оқиғаны зерттеп жатыр.