Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

БҚО-да өрт болған жерден екі адамның денесі табылды

БҚО-да өрт болған жерден екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды paryz.kz.

БҚО-да өрт болған жерден екі адамның денесі табылды
Фото: видиодан скриншот

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 қаңтар күні сағат 20.11-де

Бәйтерек ауданы Көшім ауылындағы тұрғын үйде болды. Өрт сөндірушілер жеткен мезгілде 50 шаршы метр аумақта төбе мен жеке заттардың жанып жатқаны анықталды.

 - Бөлімшелер жеткенге дейін полиция қызметкерлері екі адамның денесін алып шыққан. Олардың біреуі ер, екіншісі әйел адам. Тілсіз жау сағат 21.30-да толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады ведомстводан.