Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Атырауда браконьерлерді іздеуге шыққан инспекторлар мұз астына түсіп кетті

Атырауда рейдке шыққан балық шаруашылығының инспекторлары мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы.

Атырауда браконьерлерді іздеуге шыққан инспекторлар мұз астына түсіп кетті
Фото: sputnik.kz

Оқиға 7 қаңтарда болған. "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары квадроциклмен бірге мұз астына түсіп кеткен.

"Жайық өзені бойында браконьерлікке қарсы рейд барысында қызметтік квадроцикл абайсызда суға түсіп кеткен. Оқиға кезінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген инспекторлар тиісті қауіпсіздік құрал-жабдықтарымен және құтқару жилеттерімен қамтамасыз етілгендіктен дер кезінде қауіпсіз жерге шықты", - дейді инспекцияда. 

Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келмеген. Мұз астына түсіп кеткен квадроцикл судан шығарылып, қазір қайтадан жұмыс істеп тұр, дейді мекеме басшылығы.

Ведомствоның мәліметінше, Атырау облысында ауа райы 15 градусқа дейін ғана суытатындықтан, өзен бетінің кей жеріндегі мұз жұқа болады. Ал инспекторлар үшін анда-санда болатын мұндай оқыс жағдай қалыпты дейді балық шаруашылығы инспекциясы.