Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты.

Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты
Фото: sputnik.kz

Оқиға 6 қаңтарда кешке Әбдіров даңғылындағы 12 қабатты тұрғын үйде болған. Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген.

"Өрт сөндірушілер сегіз адамды (оның бесеуі – бала) құтқару үшін арнайы құрылғыларды пайдаланды. 15 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды", - деп хабарлады өңірдегі құтқарушылар.

1997 жылы туған ер адам жанған заттардың кесірінен түтінге уланып қайтыс болды. Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің себебі анықталып жатыр.