Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Сөйлемей қалған: Астанада тәрбиеші 3 жасар баланы ұрып-соққан

Астана қаласындағы "Алтоша" балабақшасында тәрбиеші үш жасар баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды paryz.kz.

Сөйлемей қалған: Астанада тәрбиеші 3 жасар баланы ұрып-соққан
Фото: видиодан скриншот

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда тәрбиешінің баланы ұрған әртүрлі сәттері түсірілген. Анасы баласының денесінен көгерген іздерді байқап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарауды талап етеді.

Бейнежазбада балабақша қызметкері баланы қатты жұлқылап, басын қабырғаға соққаны тіркелген. Полиция шақырылғаннан кейін тәрбиеші өзіне зиян келтіремін деп қорқытқан.

Анасының айтуынша, оқиғадан кейін тілі енді шыға бастаған бала сөйлеуден қалған.

"Қараша айында жекеменшік балабақшада тәрбиешінің үш жасар балаға қатысты күш қолдану фактісі расталды. Қазіргі уақытта ол қызметінен босатылды. Басқарма мамандары балабақша тәрбиешілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы факті бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізеді", - дейді Астана қаласының білім басқармасы.