Прямой эфир
Астана
25.77°C
Астанада Бейбітшілік көшесінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қалалық бағыттағы автобус жарық бағанасына соғылып, салдарынан екі жолаушы зардап шекті. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды
Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға жүргізушінің жол-көлік және метеорологиялық жағдайды ескермей, рөлге ие бола алмай қалғанынан туындаған.
«Iveco» маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Молдағұлова көшесімен келе жатып, жарық бағанасына соқтығысқан. Соққы салдарынан автобустың екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін олар үйлеріне қайтарылды, – деп мәлімдеді Астана қаласы Полиция департаменті.
Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеріс жүргізілуде. Полиция жолда абай болуға, ауа райының қолайсыздығы кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.