Прямой эфир
Астана
25.77°C
Шығыс Қазақстан облысында жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза тапты. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған paryz.kz.
ШҚО полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, жол-кқлік оқиғасы 7 желтоқсанда
"Шемонаиха-Усть-Таловка" тасжолында болған. "Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux маркалы автокөліктер соқтығысты. Соның салдарынан Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады ведомство өкілдері. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.