Жақында Ташкентте биыл ақпанда болған кісі өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шығарылды, – деп хабарлайды Paryz.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Айыпталушы орындығында 46 жастағы әйел отырды: ол күйеуін өлтірген. Себебі күйеуі одан бірінші некесінен туған ұлымен жыныстық қатынасқа түсуін талап етіп, егер ол бас тартса, олардың ортақ қызын зорлайтынын айтқан. Сот шешіміне сәйкес, трагедия 21 ақпан түнінде болған. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, ер адам өз-өзін ұстай алмай, асүй пышағын алып, әйеліне қоқан-лоқы жасаған. Ол әйелінен алғашқы некесінен туған ересек ұлын шақырып, онымен төсектес болуын талап еткен. Айыпталушының айтуынша, күйеуі мұны видеоға түсірмек болған: осылайша, ол әйеліне де, ұлына да қарсы айғақ жинап, мұрадан айыруға мүмкіндік алмақшы болыпты. Сонымен бірге ол әйелінің көзін ойып алатынын, тілін кесетінін, сондай-ақ алты жасар қыздарын зорлайтынын айтып қорқытқан.
Аффект жағдайында әйел пышақты жұлып алып, күйеуіне бірнеше рет соққы жасаған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты. Ал әйел өзі полицияға барып берілді. Сот-психиатриялық сараптама оның «кумулятивтік аффект» жағдайында әрекет еткенін көрсетті. Бұл – ұзақ уақыт бойы жасалған қорлау, қысым мен зорлық салдарынан пайда болған қысқамерзімді «жарылғыш» психикалық күй. Сол сәтте ол өз әрекетін толық бақылауға қауқарсыз болған.
Белгілі болғандай, ортақ қыздары дүниеге келгеннен кейін күйеуі арақ пен есірткіні жиі тұтынған, ұрыс шығарып, әйелін балаларымен бірге үйден қуып шыққан. Бастапқыда іс Қылмыстық кодекстің 97-бабы («Қасақана кісі өлтіру») бойынша қозғалған еді, алайда Яккасарай аудандық соты айыпты 98-бапқа («Қатты жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру») ауыстырды. Сот әйелді 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазаны ол колония-поселениеде өтейтін болды.
Үкім шығару кезінде жеңілдететін жайттар ескерілді: кінәсін мойындауы, өкінуі, марқұмның туыстары тарапынан шағым болмауы, асырауындағы балалардың болуы және айыпталушының мүгедектігі. Орталық Азия елдерінде әйелдерге құрмет аз.
Бұл үкімнің мәні де жоқ сияқты. Мұндай жағдайларда өлген адамды қылмыскер ретінде ешқашан қарастырмайды, оны тек «жәбірленуші» деп қабылдайды.