Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астана маңында батпаққа батып, бір тәулік бойы шыға алмаған келіншек құтқарылды

Астана маңында белуардан батпаққа батып, тәулік бойы шыға алмаған келіншек аман-есен құтқарылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астана маңында батпаққа батып, бір тәулік бойы шыға алмаған келіншек құтқарылды
Фото: Pixabay

Полиция мәліметінше, 33 жастағы тұрғын танысымен бірге қала сыртына шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

Уайымдаған әпкесі дереу тәртіп сақшыларына хабарлаған. Әйел серуендеп жүріп жанындағы азаматпен ұрысып қалып, іле-шала сол жерден жалғыз жаяу кетіп қалған.

Телефоны да өшірулі болыпты. Тәулік өткен соң полицейлер оны беліне дейін батпаққа батқан күйінде тапты. Әйел өздігімен шыға алмаған. Әбден әлсірегені болмаса, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, дейді дәрігерлер.