Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Қазақстандық мұғалім Түркияда әріптес әйелді зорламақ болғаны үшін сотталып жатыр

Түркияның Ыстанбұл қаласында халықаралық жекеменшік мектептің директоры қызметін атқарған Қазақстан азаматы сол мектептің дене шынықтыру мұғалімін зорламақ болды деп айыпталып жатыр. Бұл туралы түркиялық БАҚ жазып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қазақстандық мұғалім Түркияда әріптес әйелді зорламақ болғаны үшін сотталып жатыр
Фото: https://www.sabah.com.tr/

Оқиға 2024 жылғы 11 қарашада Ыстанбұлдың Сарыер ауданында болған. Айыпталып отырған Қазақстанның 42 жастағы азаматы белгілі адамдар мен шетелдіктердің балалары білім алатын халықаралық жекеменшік мектептің директоры екен. Ал жәбір көрген әйел – сол мектептің 39 жастағы дене шынықтыру мұғалімі. Әйелдің айтуынша, мектеп директоры сол күні таңертең құжаттарды қараймыз деген сылтаумен оның кабинетіне кірген.

Алдымен компьютердегі қағаздарды қарап, сосын мұғалімнің қасына отырып, сөзбен қырындай бастаған. Әйел тіл қатпаған соң, «мен сенімен сөйлесіп тұрмын ғой, неге маған жауап бермейсің?» деп оның кеудесін қысқан.

«Алдымен кеудемді бір қолымен басты, қарсылық білдіріп, алыстай бергенде кеуде тұсымды екінші рет қатты қысып жіберді. Осы кезде мен оны итеріп жібермек болдым, бірақ сол сәтте көзім қарауытып, есімнен танып қалдым», - деген жәбірленуші прокуратураға жазған арызында. 

Осы шабуылдан кейін мұғалім ауруханаға түскен. Сот-медициналық сараптама әйелдің кеуде тұсы қызарып кеткенін анықтаған. 

Сот-медицина институтының есебінде физикалық күш қолдану белгілері бар екені расталған: Осы мәліметтердің барлығы куәгерлердің жауаптарымен бірге прокуратураға тапсырылған.

Алайда күдікке ілінген мектеп директоры кінәсін мойындаған жоқ, әйелге қолымның ұшы да тиген жоқ деп ақталып отыр. 

Ер адам құқық қорғау органдарына жауап берген кезде аудармашының көмегін пайдаланған. Жақын арада күдікті Ыстанбұл қылмыстық сотының алдына барады.