Аягөздегі әскери бөлімде сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға 19 мамырда болған. Сарбаз сырқаттанып ауруханаға түскен.
"Алғашқы тексеруден және емдеу тағайындалғаннан кейін де жағдайы жақсармады. 17 мамырда ультрадыбыстық диагностика және КТ арқылы қосымша тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде пациент одан әрі ем алу үшін Аягөз қаласының орталық аудандық ауруханасына ауыстырылды", - дейді ведомство.
18 мамырда сарбаздың жағдайы күрт нашарлаған.
"Медицина мамандарының күш-жігері мен реанимация бөліміндегі қарқынды терапияға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Ол бактериялық менингиттің гипертоксикалық түрінен қайтыс болды", - дейді құрлық әскерлері баспасөзі.
Сарбаз әскер қатарына биыл 25 сәуірде шақыртылған. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі дейді.