Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 06.12.2025 15:13 Обновлять, 08.12.2025 05:47

Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кетті

Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кетті. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Полиция департаменті растады.

Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кетті
Фото: облыстық ПД баспасөз қызметі.

Желідегі мәлімет бойынша, 18 жастағы жігіт Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп, суицид жасаған.

- Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Айта кеткен жөн, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары балаларды суицидке итермелейтін ойындардың әсері болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан болатын.