Прямая трансляция

Астана

Астана

-19.03°C

Ұлытау облысында тепловоз 25 киікті қағып кетті

Ұлытау облысында 50-ден астам киік қажып өлсе, тағы 25-і тепловозмен соқтығысқаннан кейін мерт болған, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Ұлытау облысында тепловоз 25 киікті қағып кетті
Фото: gov.kz

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, 2024 жылғы 19 қаңтарда «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Қоскөл ауылдық округі әкімдігінің, Ұлытау аудандық полиция басқармасының, Ұлытау ауданының ветеринариялық станциясының өкілдерімен бірлесіп Қоскөл кентінен солтүстікке қарай 25 шақырым жерде 51 киіктің ұшасын тапқан (50 аталық, 1 аналық бар).

Киіктердің өлекселерін тексеру кезінде олардың табиғи себептермен, күйлеуден кейін қалжырап барып қаза тапқаны анықталды. Ұшаларда атылған оқтың іздері жоқ.

Комиссияның шешімі бойынша киіктердің ұшалары анықталған жерде өртеу жолымен жойылды. Тиісті акт жасалып, видео және фото түсірілім жүргізілді.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 20 қаңтарда Жаңарқа ауданының Шұбаркөл-Қызылжар теміржолының бойында киіктердің бірнеше ұшасы жатқаны жайлы ақпарат келіп түсті.

Бұл ақпаратты «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары тексерген кезде 25 киіктің өлген фактісі расталды, материалдар Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының ІІБ-не берілді және сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу органдарының ақпараты бойынша киіктердің өліміне тепловозбен соқтығысу себеп болған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.