Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 26.11.2025 09:54 Обновлять, 27.11.2025 13:22

Астана әуежайының маңында өрт шықты

Астана әуежайының маңында алапат өрт шықты. Әлеуметтік желіде қою түтіннің видеосы тарады, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: видеодан скриншот

Сол жағалау тұрғындары әуежайдан шығып жатқан қою түтінді видеоға түсіріп алған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 сәуір сағат 12:28-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелеріне әуежай аумағынан өр шыққаны туралы ақпарат түскен.

"Келген кезде 1 гектар аумақта кепкен ағаш пен қамыс өртеніп жатқаны анықталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір оқиға орнында елордалық ТЖД-нің 14 адамы мен 3 техникасы өртті жою үшін жұмыс істеп жатыр.

Әуежайдан өрт осылай көрінеді. Ұшақтар қою түтінде ұшып жатыр.