Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

«Бұл – арандатушылық»: Қостанай колледжінде «Матушка Земля, святая Русь» әнінің орындалуы жұрттың наразылығын тудырды

Қостанайда оқу жылының басталуына арналған іс-шара кезінде колледждердің бірінде «Матушка Земля, святая Русь» әні орындалды. Осы сәт түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бұл – арандатушылық»: Қостанай колледжінде «Матушка Земля, святая Русь» әнінің орындалуы жұрттың наразылығын тудырды
Фото: видиодан скриншот

Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде (КӘТК) болған. Бейнежазбада әнді қыз орындағаны көрінеді.

Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір білдірді. Кейбірі жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды сұраған. 

«Бұл – сепаратизм, арандатушылық әрекет және қазақ жеріндегі диверсия», «Қостанайлықтар, қайдасыңдар? Бұл не? Қазақ әндері қайда?» – деп наразылығын білдірген. 

Әзірге Білім басқармасы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.