Прямая трансляция

Астана

Астана

27.95°C

«Тойды көтеретін осындай әжелер»: желіде 60 жастағы әйелдің биі қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде тойда еркін билеп жүрген 60 жастағы әйелдің видеосы кеңінен тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Тойды көтеретін осындай әжелер»: желіде 60 жастағы әйелдің биі қызу талқыға түсті
Фото: видиодан скриншот

Кадрларда жасы үлкен әйелдің асабаның сүйемелдеуімен көңілді би билеп, той қонақтарының қошеметіне бөленгені көрінеді.

Алайда видео желіде жарияланғаннан кейін пікір білдірушілердің пікірі екіге жарылды. Бірі оның өмірге деген құлшынысы мен көтеріңкі көңіл күйіне тәнті болып, "осындай әжелеріміз аман болсын" деген тілегін білдірсе, енді бірі мұндай әрекет үлкен кісіге жараспайтынын айтып, сынға алды. 

Желіде қалдырылған пікірлердің бірқатары төмендегідей болды: "Ұят тіпті, не би жынұрған кемпірлер." "Шамалы ұяттау ма деп қалдым." "Бұл ұят зат... жүргенде талтаңдап жүрмайды, ал балдарың, келін-күйеубалдар көріп отыр." "Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді деген осы ау."

Сонымен қатар, әзіл-қалжыңмен қабылдаған қолданушылар да болды.

"Болды, автобуста орын бермеймін", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Айта кетейік, соңғы уақытта тойларда түсірілген түрлі видеолар әлеуметтік желілерде жиі тарап, қоғам арасында қызу пікірталас тудырып жүр. Бірі мұны көтеріңкі көңіл күйдің көрінісі деп бағаласа, енді бірі ұлттық таным мен үлкенге тән ұстамдылық тұрғысынан сын айтып жатады.