Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

«Мейірімді тазару» акциясы: ел бойынша волонтерлер бірлескен бастамаға қатысты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Green Steppe жобасы аясында «Мейірімді тазару» атты республикалық акция ұйымдастырылды. Іс-шараны «Ұлттық волонтерлер желісі» бірлестігі жүзеге асырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Мейірімді тазару» акциясы: ел бойынша волонтерлер бірлескен бастамаға қатысты
Фото: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Акцияға 200-ден астам ерікті қатысып, жастар ресурстық орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де белсенді атсалысты. Республикалық бастама аясында Шымкент қаласында және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Түркістан облыстарында жергілікті деңгейде алты түрлі экологиялық-әлеуметтік акция өткізілді.

Іс-шара барысында волонтерлер қарттар мен ардагерлерге қолдау көрсетіп, аулалар мен қоғамдық аумақтарды қар мен мұздан тазарту жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар су тасқынының алдын алуға бағытталған абаттандыру шаралары да жүзеге асырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоғамдағы өзара көмектесу мәдениетін нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және волонтерлік қозғалыстың маңызын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.