Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған 8 жастағы қыздың отбасына баспана беріледі

Астанадағы автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі, деп хабарлайды Paryz.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған 8 жастағы қыздың отбасына баспана беріледі
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

«Сақтандыру 20 млн теңге шамасында және әкімшілік 10 млн теңге берді. Қосымша 10 млн теңге береміз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар баспана мәселесін шешіп береміз. Оны ресми түрде айтып отырмыз. Баспана мәселесі шешіледі», – деді қала әкімі 

Ақордада БАҚ өкілдеріне берген жауабында. Еске салсақ, өткен аптада Астанада автобус жол бойындағы бағанға соғыып, оның алдыңғы жағында отырған 15 адам жарақат алған еді. Ал 8 жастағы қыздың аяғын ампутациялауға тура келді.