Прямая трансляция

Астана

Астана

4.28°C

Алматы облысында аты-жөнін үш рет өзгерткен алаяқ бойжеткен ұсталды

Ол тегін үш рет өзгертіп, алаяқтық әрекеттері үшін 13 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Алматы облысында аты-жөнін үш рет өзгерткен алаяқ бойжеткен ұсталды
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы аптада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы ПБ кезекші бөліміне Есік ауылы мен жақын жатқан елді мекендер дүкендерінің алты сатушысы жүгініп, өзін дүкен иелерінің туысы болып таныстырған және алдау жолымен сенімге кіру арқылы түрлі маркалы темекі блоктарын қолды қылып, қайта сатқан бейтаныс әйелге қатысты арызданған, деп хабарлады paryz.kz, Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Талғар қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеушілердің анықтауы бойынша ол тегін үш рет өзгертіп, алаяқтық әрекеттері үшін 13 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, ол еш жерде жұмыс істемейді.

Күдікті барлық 6 алаяқтық дерегін мойындады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, полиция күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығына Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына телефон арқылы жүгінуге болатындығын хабарлайды: 8 (72755) - 4 14 94 және 4 01 16. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3, 4-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды